Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру саясаты басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УПСГУ-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мамандық: мемлекеттік саясат

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; Электрондық нысанда және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру; Орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу; Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындайды; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібін және Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтауға міндетті; Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау; Министрліктің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді; Заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде Басқарма құзыреті шеңберінде министрдің блогына келіп түскен өтініштерін уақтылы қарау; Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, ұсыныстарды, өтініштерді қарау бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындауды жүзеге асырады; Мемлекеттік қызметтерді анықтау мәніне Қазақстан Республикасы заңнамасының мониторингі бойынша жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді жүзеге асырады және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіру; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеу шеңберінде мемлекеттік органдар ұсынған ақпаратты талдау; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеуді жүзеге асырады; Мемлекеттік қызмет құнын анықтау әдістемесін әзірлеуді жүзеге асырады; Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мүмкіндігіне талдау жүргізеді. Министрліктің алқаларына, аппараттық кеңестеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына ақпарат дайындауды жүзеге асырады; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық материалдарды, баяндамаларды, есептерді, басқа да құжаттарды дайындауға қатысу; Бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер мен басқа да іс-шараларды өткізуге және ұйымдастыруға қатысу, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға сұрау салуларды қарау және консультация беру; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды орындау; Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау; Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты орындау; Комитеттің ережесіне сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.10.2024 – 11.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156