Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшы, C-4 (1 бірлік) № УКВОС-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Көп арналы электр байланысы

Қосымша талаптар

Мамандық: көп арналы телекоммуникациялық жүйелер

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде тексеру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау нәтижелерi бойынша әдiлет органдарында мемлекеттiк органның мүдделерiн қорғау;байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; радиобақылауды өткізу; байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды ұйымдастырады және тексерістерді жүзеге асыру; арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексеру жүргізу үшін тиісті үлгіде ресімделген техникалық тапсырманы және қызметтік куәлікті көрсету бойынша кіру; Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу; Байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру; радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; Азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүргізу; пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құру; өз құзыреті шегінде байланыс туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша сот органдарына талаптарды дайындау; Комитеттің талап ету арыздарын, сондай-ақ, сот процестеріне материалдар (талап ету арызын кері қайтарып алу, шағым және қадағалау арыздарына қарсылығын, өтінішхаттарын және т.б.) дайындау; Ішкі бақылауды жүргізеді және Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізетін тексерістерді үйлестіру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.10.2024 – 11.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156