Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Қалалық орта байланысын дамыту басқармасының басқарма басшысы, C-3 (1 бірлік) № УРСГС-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Көп арналы электр байланысы

Функционалды міндеттер

Байланыс саласындағы нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді; Қазақстан қалаларында «Ақылды қала» жүйесін енгізуді жүзеге асырады; Есептегіштердің көрсеткіштерін берудің коммуналдық жүйелерін байланыс операторларының желілерімен біріктіру Басқарма құзыреті шегінде байланыс саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді; Қазақстан Республикасының қалалық ортасына байланысты дамытуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, атқарушы мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; Қазақстан Республикасы қалаларының байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізеді; Байланыс жобаларын іске асыруды қамтамасыз етеді; Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде бюджеттік өтінімдерге, қаржыландыру жоспарларына және мемлекеттік сатып алу жоспарларына ұсыныстарды дайындайды;Басқарма жетекшілік ететін жобалар шеңберінде Министрліктің Қаржы басқармасымен бірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде үш жылға бюджеттік өтінімдерді қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;Басқарманың құзыреті шегінде байланыс саласындағы сұрақтар бойынша белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; Телекоммуникациялар жобаларын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты (Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық, Халықаралық электр байланысы одағы) жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді;Қамту картасын жасай отырып, қалалардағы байланыс сапасы төмен орындардың мониторингі бойынша жұмыс жүргізеді; Телекоммуникация жобаларын іске асыру (АМС салу, бір және т. б.) бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жол карталарын әзірлейді және бекітеді; Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға. Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдайды;Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға; Функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға. Қызметтік тәртiпті сақтауға.Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға.Қызметтік әдепті сақтауға. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға.Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге.Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге. Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға.Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге.Лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға.Өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге пропорционалды өтеуіне әкеп соғады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.Басқарма қызметін үйлестіруді іске асыратын. Басқармаға жүктелген функциялардың дер кезінде және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асырады.Комитеттің басшылығына Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындау, сондай-ақ оларды көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар жасайды.Басқарма қызметінің аясына кіретін мәселелер бойынша басқарма қызметкерлеріне орындалуы міндетті нұсқаулар береді.Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің заңды және жеке тұлғаларының өтініштерін дер кезінде қарауын бақылауды жүзеге асырады.Басқарма қызметкерлерінен Комитет басшылығының бұйрықтарын, шешімдерін, тапсырмаларын тиісті түрде орындауын талап етеді.Басқарма қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру батынша шаралар қолданады.Басқарма қызметкерлерінің Еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасының (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесі) мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлеуде ұйымдастырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі бойынша шараларды қолданады;Басқарма құзіретіне кіретін нормативтікқұқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу бойынша жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді және анықталған жағдайда оларды сәйкестендіреді.Министрлік және комитет құжамттамаларды басқару және құжаттамалау қағидасы регламентін сақтау; Министрлік және Комитет басшыларының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.10.2024 – 11.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156