Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Дербес деректерді қорғауды дамыту бойынша басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2025 жылғы 28 қыркүйекке дейін) № УПРЗПД-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

Мамандық: математика және информатика

Функционалды міндеттер

Дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру; Дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді бақылау; Дербес деректер субъектісінің өтініштерінің қаралуын бақылау; Субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты үйлестіру; Өз құзыреті шегінде дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылау; Басқарманың құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу бойынша бақылау;Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру; Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспары іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуына, нәтижелердің көрсеткіштеріне, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізуді бақылау; Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің дербес деректерді қорғау жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылау; Басқармаларға жүктелген міндеттер шеңберінде дербес деректерді қорғау саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша бақылауды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде дербес деректерді қорғау мәселесі бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындау бойынша бақылауды жүзеге асыру; Басқарма құзыреті шеңберінде дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысу бойынша бақылауды жүзеге асыру; Басқарма құзыреті шеңберінде дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша жұмыс топтарын қалыптастыру бойынша бақылау; Басқарма құзыреті шеңберінде дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыруға қатысу бойынша бақылауды жүзеге асыру; Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын әзірлеуде бақылауды жүзеге асыру; Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеуде бақылауды жүзеге асыру; Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде бақылауды жүзеге асыру; Дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу бойынша азаматтарды хабардар ету қағидаларын әзірлеуде бақылауды жүзеге асыру; Басқарманың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау үшін материалдарды (прессрелиздерді) дайындау кезінде ұйымдастыру және бақылау; Дербес деректерді қорғау бөлігінде Комитеттің қызметін жария ету және түсіндіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; 2023-2029 жылдарға арналған цифрлық трансформация, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және киберқауіпсіздік саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру; Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.10.2024 – 10.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156