Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 28 маусымға дейін) № УГКВСЗПД-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
Қосымша талаптар
Мамандық: математика және информатика
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдауға; "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға; Дербес деректер субъектісінің дербес деректер мазмұнының және оларды өңдеу тәсілдерінің оларды өңдеу мақсаттарына сәйкестігі туралы өтініштерін қарауға және тиісті шешім қабылдауға; Субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыруға; Меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дәйексіз немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге; Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын әзірлеуге; Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуге; Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеуге; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты жүргізуге міндетті. Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті және дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін басшылыққа алуға міндетті. Басқарманың құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндірсін. Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының нысаналы индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты жүргізуге міндетті. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындауға міндетті. Басқармаларға жүктелген міндеттер шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті. Басқарманың құзыреті шегінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселесі бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындауға; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу бойынша бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысуға міндетті. Басқарма құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) және дербес деректерді қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс топтарын қалыптастыруға міндетті. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселелері жөніндегі кеңестерді ұйымдастыруға қатысуға міндетті. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының қызметін Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуы тұрғысынан ұйымдастыруға және бақылауға міндетті. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталған кезде нұсқамалар дайындауға және беруге міндетті. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерінің нысандарын әзірлеуге міндетті. Басқарманың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың интернетресурстарында жариялау үшін материалдарды (пресс-релиздерді) ұйымдастыруға және дайындауға; Дербес деректерді және электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғау бөлігінде Комитеттің қызметін жария ету және түсіндіру жөніндегі іс- шараларды ұйымдастыруға; Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүзеге асыруға; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156