Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Жасанды интеллектті салаларда қолдану басқармасының басқарма басшысы, C-3 (1 бірлік) № УПИИВО-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Техникалық ғылымдар және технологиялар
- Есептеу техникасы және ақпараттық желілер
Қосымша талаптар
Мамандық: ақпараттық технологиялар; өнеркәсіптік электроника.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқармаға жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындауын бақылауды жүзеге асырады. Комитеттің басшылығына басқарманың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Комитет басшылығына басқарманың штат кестесі бойынша белгіленген штат санының лимиті шегінде ұсыныстар ұсынады. Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза беру туралы ұсыныстарды Комитет басшысына ұсынады. Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындау. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша шығыс хат-хабарларға қол қояды және шешім қабылдайды. Комитет пен Министрлік басшыларының бақылаудағы тапсырмаларын сапалы және белгіленген мерзімде белгіленген талаптарға сәйкес орындайды. Басшылыққа Басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша баяндамаларды дайындайды, материалдарды әзірлейді. Басқарманың, Комитеттің құзырына кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, Комитет және Министрліктің басшылығына талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындайды. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді. Өз құзыреті шегінде және цифрлық активтер индустриясын дамыту саласын үйлестіруге және методологиялық қамтамасыз етуге қатысады. Басқарма құзыреті шегінде стратегиялық, реттеуші функцияларды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану бойынша іс- шараларға жалпы жетекшілік етуге қатысады. Мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, цифрлық активтер индустриясы саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы мен Комитет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеуі жөніндегі шараларды қабылдайды. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ұйымдарымен, сыртқы саяси ведомстволармен, шетелдік ұйымдармен өз құзыреті шегінде әрекеттеседі. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану саласындағы жобалар бойынша қызметті ынталандыруға ағытталған нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізеді. Министрлік регламентінің талаптарын сақтайды. Басқармадағы жағдай және жақсы климат жасауға атсалысады. Басқарма қызметшілерінің бақылаудағы құжаттарды бекітілген мерзімде орындауын, Басқарма істері номенклатурасын жүргізуді ұйымдастырады. халықаралық саяси және экономикалық жағдайларды талдайды; келіссөздер үдерісіне және халықаралық келісімдерді әзірлеуге қатысады; ЖИ стратегияларын әзірлейді және үйлестіреді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156