Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Жасанды интеллект инфрақұрылымы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УИИИ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар

Қосымша талаптар

Мамандық: ақпараттық технологиялар; өнеркәсіптік электроника.

Функционалды міндеттер

Басқарма басшылығына басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарманың құзыретіне кіретін жасанды интеллект бойынша жоспарларды, жобаларды әзірлеуге қатысады. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану саласындағы консультативтік- кеңесші органдардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану саласындағы халықаралық тәжірибені зерттейді. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады. Басқарма құзыретіне кіретін Комитет пен Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын орындайды. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамаларды әзірлейді, басшылықтың сөз сөйлеуі үшін материалдары дайындайды. Басқарманың істер номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруді қамтамасыз етеді. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды. Ол туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шаралар қабылдайды. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.09.2024 – 30.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156