Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография департаменті Мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қызметтер басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № ДГИК-4-4
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Белгіленген мерзімде Басқарма басшысының және Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау; Министрліктің Стратегиялық жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, Комитетке тікелей қатысы бар міндеттер мен индикаторларға қол жеткізу; Басқарманың құзыреті шегінде Департаментке келіп түскен азаматтардың, заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдары мен арыздарын қарайды және геодезиялық және картографиялық қызмет мәселелері бойынша жауаптар мен қажетті түсіндірмелерді, сондай-ақ органдардың ұсыныстары мен сұрауларын дайындайды; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беруді жүзеге асыру; Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету; Басқарманың өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процестерін автоматтандыруды және оңтайландыруды жүзеге асыру бойынша жұмысқа қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156