Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № УСМИ-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
357266
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Журналистика
- Экономика
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Жобаны басқару
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
- Мемлекеттік басқару
- Өңірлік даму
Функционалды міндеттер
Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді іске асыру үшін мыналарға: осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттемелерін орындауға; сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан, оның ішінде Басқарма қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге; Басқарма қызметін ұйымдастыруға, жоспарлауға және үйлестіруге және оның орындалуын қамтамасыз етуге; өз құзыреті шегінде басшылыққа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; олардың лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес, Басқарма қызметкерлері арасында міндеттемелерді бөлуге; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің жұмыс жоспарын қалыптастыруға қатысуға және оны Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің орындауын бақылауға; Басқарма қызметінің бағыттары бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептерді дайындау және уақытылы тапсыру жұмысын ұйымдастыруға; Қазақстан Республикасының, мемлекеттік ақпараттық саясатын тарату, ғарыш қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті дамытуды насихаттау және ақпараттандыру саласында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізудің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеуге; Қазақстан Республикасында, цифрлық, инновациялық даму және ғарыш қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті дамытуды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі тапсырмаларды әзірлеуге және оларды Министрліктің қарамағындағы ұйымдарға жеткізуге, сондай-ақ олардың орындалуын қадағалауға; Қазақстан Республикасында цифрлық, инновациялық даму және ғарыш қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жыл сайынғы медиа-жоспарды (Қазақстан Республикасында цифрлық, инновациялық даму және ғарыш қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын) әзірлеуге және бақылауға; мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік органның атына оларды ұсыну жолдарын көрсету арқылы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде республикалық электрондық БАҚ эфирлерінде имидждік және анонстық бейне-аудиоматериалдардың шығуын ұйымдастыруға; мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу саласында уәкілетті орталық мемлекеттік органның атына оларды ұсыну жолдарын көрсету арқылы, сондай-ақ Министрлік пен оның қарамағындағы немесе сенімгерлік басқаруындағы ұйымдар басшыларының имидждік, публицистикалық және аналитикалық салалық мақалаларын жариялауды ұйымдастыруға; заңнамада белгіленген құзырет шегінде БАҚ-пен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға; баспа БАҚ-та жариялау үшін Министрлік басшылығының мақалаларын, сұхбаттарын дайындауды ұйымдастыруға; Республикалық және шетелдік БАҚ-тарда жариялау үшін Министрліктің қарамағындағы немесе сенімгерлік басқаруындағы ұйымдардың басшылары сөз сөйлеулерінің, сұхбаттарының тезистерін, сондай-ақ олардың телерадиобағдарламаларға қатысуын келісуге; Қазақстан Республикасында цифрлық, инновациялық дамуын, ғарыш қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті дамытуды насихаттау мен жа риялау бойынша имидждік бейне-аудиоөнімдер (деректі фильмдер, бейне-, аудиороликтер, тележурналдар) тұжырымдамасын келісуге; Министрліктің қарамағындағы немесе сенімгерлік басқаруындағы ұйым басшыларының имидждік салалық мақалаларын, мақалаларының жарияланымдарын БАҚ-қа шығаруды келісуге; Қазақстан Республикасындағы цифрлық, инновациялық даму, ғарыш қызметіне, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты БАҚ-тағы жарияланымдардың мазмұны мен ерекшеліктері туралы Министрлік басшылығын жедел хабардар етуді ұйымдастыруға; Министрліктің ресми веб-сайты бөлімдерінің ақпараттық толықтырылуын және материалдарының жаңартылуын, жаңалықтар лентасының уақытылы жаңартылуын бақылауды жүзеге асыруға; Басқарма қызметкерлері міндеттерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; Басқарма келген барлық кіріс хаттарының және бақылаудағы құжаттарының уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге; еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған, қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; ішкі еңбек тәртіптемесінің бекітілген қағидаларын сақтауға; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға; Басқарманың басқа да міндеттері бойынша берiлетiн құқықтарын, сондай-ақ мақсаттарын және функцияларын жүзеге асыруға міндетті. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыруға.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156