Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Ғарыштық байланыс жүйесі және спутниктік навигация басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УКССИСН-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

Комитет, Министрлік басшылығы және Басқарма басшысының тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындалуын жүзеге асырады; Комитет басшыларының және Басқарма Басшысының тапсырмалары бойынша талдамалық анықтамалар, қызметтік жазбалар дайындайды; Сыбайластық жемқорлықтың болуына жол бермейді; Шетелдік спутниктік операторлармен, оның ішінде геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелерімен, сондай-ақ олардың қызметін заңдастыру бойынша өзара іс- қимылды ұйымдастыру және үйлестіру бойынша Басқарманың жинақ ұсынысын әзірдейді; Қазақстан Республикасы аумағындағы аймақтар, мемлекеттік органдар, кәсіпорындардың ғарыштық навигация және байланыс жүйелері, соның ішінде ГЕСО байланыс жүйелері қызметтеріне қажеттіліктеріне сараптама және жинақ дайындайды;Геостационарлық және геостационарлық емес ғарыштық байланыс және навигация жүйесін жасау бойынша ғарыш қызметі саласындағы жобалардың (инвестициялық ұсыныстар, ТЭН, ҚЭН) материалдарына салалық сараптама, сондай-ақ оларға қорытындылар дайындау бойынша жұмыс тобын құрады және жұмыс тобының хатшысы міндетін атқарады; Ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалардың нәтижелерін қабылдау тәртібіне және олар бойынша қорытындылар дайындау бойынша ұсыныстар әзірлейді; Ғарыш қызметі саласындағы жобалардың (инвестициялық ұсыныстар, ТЭН, ҚЭН) материалдарына салалық сараптама жүргізу ережелеріне ұсыныстар әзірлейді; Ғарыш қызметін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйелері құжаттары жобасына Басқарманың жинақ ұсыныстарын әзірлейді; Қазақстан Республикасы үшін жасалынатын ғарыштық байланыс жүйелерін өндіру мемлекеттік тапсырмалар тізіміне ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асырады; Басқармаға бекітілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің және әлемдік тенденцияның дамуын болжауда және жағдайына талдау жүргізуде жинақтық есеп әзірлейді; Басқармаға бекітілген мәселелер бөлігінде «Республикасылық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ директорлар кеңесі материалдары бойынша Басқарманың қорытындысын дайындайды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйелері құжаттарының жыл сайынғы көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мониторинг жүргізеді және Басқарманың жинақ есебін әзірлейді және олар бойынша кешенді іс- шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға ұсыныстар енгізеді; Комитет басшыларымен және Басқарма басшымен тапсырылған міндеттеріне сәйкес ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативлік құқықтық актілер жобаларды әзірлейді; Басқарманың жұмыс жоспарына ұсыныстар, есептер және Басқарманың қызметі туралы анықтамалар және Басқарманың құзіреті шегінде басқа да ақпараттар дайындайды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сауалдарына, бұқаралық ақпарат құралдарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне ақпараттық және есептік материалдар дайындайды. Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтайды; Электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесінде құжаттардың өту тәртібін сақтайды. Басқарманың іс-жүргізу жұмысын жетектейді, оның ішінде кіріс және шығыс хат- хабарларды, басшылықтың құжаттарын және тапсырмаларын орындаушыларға уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды, сондай-ақ басшылықтың құжаттарын және тапсырмаларын орындауын қадағалайды, Басқармада орындаушылық тәртіп және іс-жүргізу жұмысы жағдайы бойынша басшыны хабардар ету; е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру). Берілген құқықтарды жүзеге асыру, Басқарманың тапсырмалары мен міндеттері бойынша басқада міндеттемелерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.09.2024 – 24.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156