Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № УКБ-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
Функционалды міндеттер
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелерді қарастыру кезінде Комитеттің мүддесін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда білдіруге, мемлекеттік органдар, халықаралық және өзге де ұйымдар өткізілетін мәжілістерге, отырыстарға, семинарларға, конференцияларға қатысуға; Басқарманың қызметкерлерін ынталандыруға, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолдануға, Басқарма қызметкерінің біліктілігін арттыру жөнінде басшылық қарауына ұсыныстар енгізуге; Басқарма қызметкерлеріне тапсырмалар беруге және орындалуын бақылауға, Басқарманың қызметшілерінен құжаттардың уақтылы орындалуын талап етуге; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен, оның қарамағындағы ұйымдардан және басқа да ұйымдардан Басқарма қызметінің мәселелеріне қатысты ақпараттарды, материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға; Басқарма жұмысына қатысты қызметтік жазбаларға, анықтамалар мен басқа да құжаттарға қол қоюға, бұйрықтардың, құжаттардың жобаларын келісуге; Басқарманың құзыретіне кіретін өндірістік қызметтің шұғыл мәселелерін шешу үшін Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен және оның қарамағындағы ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнатуға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген міндеттерге байланысты жұмыстарды жетілдіру жөнінде Комитеттің басшылығына ұсыныстар енгізуге; «Инфракос» РМК даму жоспарының жобасын қарастыруға және ұсыныстар дайындауға және оның орындалу барысын бақылауға қатысуға; «Байқоңыр» кешенінде «Байқоңырбаланс» РММ, «Инфракос» РМК және «Бәйтерек» БК» АҚ-мен мүліктік мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға; «Байқоңыр» кешенінің қызметіне байланысты мәселелер бойынша «Роскосмос» ғарыш қызметі бойынша мемлекеттік корпорациясының, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің ұйымдарымен және кәсіпорындарымен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының басқа да ұйымдарымен Комитет басшылығының келісімімен өзара іс-қимыл жасауға; «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссияның жұмысына қатысуға; Қазақстан Республикасының жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерін, оның ішінде мақсаттық ғарыштық жүйелер объектілерін қоса алғанда құру мен дамыту бойынша жобалар мен бағдарламаларға ұсыныстар енгізуге және даярлауға қатысуға; Комитет басшылығының келісімімен «Байқоңыр» кешенінің жалға алынған объектілері мен мүлкін пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірігіп шешім қабылдауға; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірігіп «Байқоңыр» кешенінің жеке ғимараттары мен құрылыстарын, жабдықтары мен техникасын Жалға алушының ұйымдарының есебінен шығару мәселелері бойынша шешім қабылдауға; «Байқоңыр» кешені аумағына мүлікті әкелуге, мүлікті «Байқоңыр» кешені аумағынан әкетуге белгіленген тәртіппен келісуге; «Байқоңыр» кешені объектілеріне «Инфракос» РМК-нің рұқсаттама ресімдеуге өтінімдерін белгіленген тәртіппен келісуге; «Байқоңыр» кешені объектілеріне (42, 42РП, 43 және 45 алаңдар) рұқсаттама ресімдеуге өтінімдер бойынша белгіленген тәртіппен шешім қабылдауға; «Байқоңыр» кешенінің мүлкін түгендеу, техникалық жай-күйі, қабылдау- өткізу актілерін, шешімдерді, сондай-ақ «Инфракос» РМК-нің шаруашылық жүргізуіне берілген мүлікті есептен шығару актілерін белгіленген тәртіппен келісеге; Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуіне байланысты мәселелер бойынша Ресей тарапымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен белгіленген тәртіппен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады; Мәскеу авиациялық институтының «Восход» филиалымен Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын студенттерді оқыту мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жасауға; келісім-шарттар жобаларын дайындауға қатысуға және осы Ережемен жүктелген функцияларға сәйкес ісшараларды атқаруға Комитет басшылығының келісімі бойынша Комитеттің басқа бөлімдері мен бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің мамандарын тартуға; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және ережелерде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156