Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті Cтратегиялық жоспарлау және үйлестіру басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № ДСП-4-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдауға; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға; Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыруға; Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға; Қызметтік тәртіпті сақтауға; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтауға; Қызметтік әдепті сақтауға; Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін Заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға, ол жөнінде қолхат беруге; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеуге; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға; Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге; Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға; Оларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге бара-бар өтеуіне әкеп соғады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты және оны ұйымдастыруды жүзеге асыруға; Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыруға; Департамент басшылығына штат санының белгіленген лимиті шегінде Басқарманың штат кестесі бойынша ұсыныстар беруге; Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтауға; Басқарма қызметкерлеріне Басқарма қызметінің саласына кіретін мәселелер бойынша орындауға міндетті нұсқаулар беруге; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға және шығыс хатхабарларға қол қоюға; Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асыруға; Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) сақтауын бақылауды жүзеге асыруға; Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға жол бермеуі бойынша шаралар қабылдауға; Басқарма қызметкерлерінің Министрлік және Департамент басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын тиісінше орындауын қамтамасыз етуге; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысуға; Министрліктің даму жоспарын әзірлеу, бекіту, түзету және орындалуы бойынша есептер дайындау жөніндегі қызметті үйлестіруге; Өз құзыреті шегінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ұзақ мерзімді құжаттарын әзірлеуге және келісуге қатысуға; Басқарма құзыреті шегінде бағынысты ұйымдардың Даму стратегияларын қарастыруды үйлестіруге; Министрдің аппараттық кеңестерін өткізуді және материалдарды дайындауды, хаттамалық шешімдерді ресімдеуді үйлестіруге; Министрліктің алқа отырыстарын өткізуді және материалдарды дайындауды үйлестіруге; Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына Министрліктің басшылығына ақпараттықталдау материалдарын дайындауды үйлестіруге; Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеуге және келісуге қатысуға; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауға қатысуға; Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтауға; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік бойынша заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156