Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Білім және кадрларды даярлау басқармасының басқарма басшысы, C-3 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 25 тамызға дейін) № УОИПК-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар

Қосымша талаптар

Мамандық: ақпараттық технологиялар; өнеркәсіптік электроника.

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметін басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқармаға жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындауын бақылауды жүзеге асырады. Комитеттің басшылығына басқарманың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Комитет басшылығына басқарманың штат кестесі бойынша белгіленген штат санының лимиті шегінде ұсыныстар ұсынады. Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза беру туралы ұсыныстарды Комитет басшысына ұсынады. Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындау. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша шығыс хат-хабарларға қол қояды және шешім қабылдайды. Комитет пен Министрлік басшыларының бақылаудағы тапсырмаларын сапалы және белгіленген мерзімде белгіленген талаптарға сәйкес орындайды. Басқарма құзыреті шеңберінде бюджеттік процесті жүзеге асыруға, оның ішінде тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарын, Министрліктің стратегиялық жоспарын және бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу; Басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыстар жүргізу; Елдің инновациялық дамуы және ғылымитехникалық дамуы саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; Реттелетін салаларда іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; Еліміздің ғылыми-техникалық дамуының перспективалы бағыттарын қалыптастырады; Ғылыми және (немесе) ғылымитехникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың перспективалы бағыттарын қалыптастырады; Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалайды; Мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, ұлттық инновациялық және ғылымитехникалық жүйенің тиімділігіне талдау жүргізеді; Инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындайды; Министрлік жетекшілік ететін салаларда іске асырылған ғылыми- техникалық жобаларға қаржылық-экономикалық талдау жүргізеді; Ғылыми-техникалық қызмет жобаларын коммерцияландырудың экономикалық орындылығын маркетингтік бағалауды, қаржылық шолуды жүргізеді; Елдің ғылыми-техникалық дамуын ынталандыру жөніндегі қаржылық және қаржылық емес шаралардың іске асырылуын мониторингтейді; Инновациялық және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; Басқарманың құзыреті шегінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды өткізуге қатысады; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды; Комитетке бағынышты ұлттық институттарды ынталандыру және дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады; «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мен «QazInnovations Инновациялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ көрсеткіштерінің қол жеткізілуінің жұмысын үйлестіреді және мониторингін жүргізеді; Даму институттарымен жұмысты дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Басшылыққа Басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша баяндамаларды дайындайды, материалдарды әзірлейді. Басқарманың, Комитеттің құзырына кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, Комитет және Министрліктің басшылығына талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындайды. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірлейді. Өз құзыреті шегінде және білім және кадрларды даярлау саласын үйлестіруге және методологиялық қамтамасыз етуге қатысады. Басқарма құзыреті шегінде стратегиялық, реттеуші функцияларды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде Білім және кадрларды даярлау бойынша іс-шараларға жалпы жетекшілік етуге қатысады. Мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, цифрлық активтер индустриясы саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы мен Комитет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына жол бермеуі жөніндегі шараларды қабылдайды. Білім және кадрларды даярлау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді. Білім және кадрларды даярлау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ұйымдарымен, сыртқы саяси ведомстволармен, шетелдік ұйымдармен өз құзыреті шегінде әрекеттеседі. Білім және кадрларды даярлау саласындағы жобалар бойынша қызметті ынталандыруға ағытталған нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізеді. Министрлік регламентінің талаптарын сақтайды. Басқармадағы жағдай және жақсы климат жасауға атсалысады. Басқарма қызметшілерінің бақылаудағы құжаттарды бекітілген мерзімде орындауын, Басқарма істері номенклатурасын жүргізуді ұйымдастырады. халықаралық саяси және экономикалық жағдайларды талдайды; келіссөздер үдерісіне және халықаралық келісімдерді әзірлеуге қатысады; ЖИ стратегияларын әзірлейді және үйлестіреді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру. Өз құзыреті шегінде АКТ-ны дамытуды ынталандыруға бағытталған іс- шараларды өткізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы есеп беру ақпаратын қарастыру. Жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар және инновациялар саласындағы кадрларды даярлауға арналған бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу. Кадрларды оқыту бағдарламаларының қаржылық тиімділігін бағалау. Қаржылық құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылау. Кадрларды даярлауды әзірлеуге және оңтайландыруға бағытталған қаржылық стратегияларды әзірлеуге қатысу. Келісімшарттар бойынша қаржылық міндеттемелердің орындалуын бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.09.2024 – 17.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156