Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Халықаралық байланыстар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 29 тамызға дейін) № УМС-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлемдік экономика
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар әзірлейді; Қазақстанның Зымыран технологияларын бақылаудың халықаралық режиміне қосылуы бойынша жұмыс жүргізеді; Ғарыш қызметі саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын әзірлейді, оларды қол қоюға дайындайды, халықаралық шарттардың күшіне енуі, олардың қолданысын ұзарту және тоқтату бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындайды (АҚШ, Азия және Еуропа елдерімен, БҰҰ шеңберіндегі көпжақты шарттар және т.б.); Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы халықаралық шарттар мен уағадаластықтарының орындалуына мониторингті және бақылауды жүзеге асырады және мониторинг нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындалады; Ғарыш қызметі саласындағы шарттық-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талдайды және дайындайды; Лауазымдық міндеттер шеңберінде халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулер мен келіссөздерді хаттамалықұйымдастырушылық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; Өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласындағы шарттық-құқықтық базаны түгендеуді, халықаралық шарттардың мәтіндерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының министрліктерімен және ведомстволарымен халықаралық шарттарды әзірлеу және орындау бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады; Ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындайды; Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жұмыс топтарының, комиссиялардың қызметіне қатысады; Ғарыш қызметі саласында халықаралық ұйымдармен, ғарыш агенттіктерімен және шет мемлекеттердің компанияларымен өзара іс- қимылды жүзеге асырады; Ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, өзге де ұйымдармен, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды; Ғарыш қызметін жүзеге асыру, ғарыш қызметіне қатысу үшін Қазақстан Республикасына келу үшін шетелдік азаматтардың визалық қолдау алуын қамтамасыз етеді; Шетелдік азаматтардың Комитеткем кіруін ұйымдастырады; Шетелдіктермен кездесулерді есепке алу журналын (76-нысан) және объектілерге баруды есепке алу журналын (77-нысан) жүргізеді; 005 «Шетелдік іссапарлар» және 006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар дайындайды; Басқарманың жұмысы туралы жоспарлар әзірлеуге және есептер жасауға қатысады; Комитеттің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды;Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін, оның ішінде басқарма қызметкерлері арасында жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермейді; Ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастықтың проблемалық мәселелерін халықаралық-құқықтық пысықтауды қамтамасыз етеді; еӨтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру). Комитет, басқару туралы ережелерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.09.2024 – 20.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156