Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 7 наурызға дейін) № УКБ-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік, нұсқаулық және басқа да құжаттарды орындауды жүзеге асыруға; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын қарастыруға; Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешенінің объектілерінің («Роскосмос» ғарыш қызметі бойынша мемлекеттік корпорациясының қарамағындағы және т.б.) сақталуын және пайдалану шарттарына бақылау жүргізуге қатысуға; «Байқоңыр» кешеніндегі жұмыс жүргізетін Ресей Федерациясының ұйымдары мен кәсіпорындары арасында бір-біріне берілетін, сонымен қатар, олардың есебінен шығарылып Қазақстан Республикасы шаруашылық субъектілеріне берілетін, жалға алынған «Байқоңыр» кешенінің мүліктері мен объектілерінің техникалық жағдайын бағалау және қабылдау-тапсыру бойынша комиссия жұмысына қатысуға; «Байқоңыр» кешені жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің жағдайына талдау жасауға; «Байқоңыр» кешенінің жұмыс жасау мәселелері бойынша ақпараттық- талдау материалдарын әзірлеуге; «Байқоңыр» кешені объектілерінің сақталуы және пайдалану шарттарын бақылау бойынша Қазақстан Республикасы арнайы ведоствоаралық комиссия жұмысына қатысуға; «Байқоңырбаланс» РММмен мүліктік мәселелер бойынша өзара іс- қимылдар жасауға; Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге; Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуіне байланысты мәселелер бойынша Ресей тарапымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен белгіленген тәртіппен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады; «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыруға; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156