Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Салаларды цифрландыру департаменті Экономиканың нақты секторын цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № ДЦО-4-5

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Инновациялық менеджмент
  • Экономика және менеджмент
  • Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері
  • Информатика, есептеу техникасы және басқару

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға. Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға. Функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға. Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға. Қызметтік әдепті сақтауға. Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарауға. Оларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге бара-бар өтеуіне әкеп соғады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермеу. Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе Құқық қорғау органдарының назарына жеткізу. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де сақтау. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар- намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау. «Электрондық үкімет» архитектурасын әзірлеу, іске асыру, іске асыруды сүйемелдеу, мониторингілеу және дамыту, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қызметінің реинжинирингін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпараттандыру саласындағы саясатты іске асыру басқармасының құзыреті шеңберінде қатысу. Мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясына қатысу. Қаржы-экономикалық блок бойынша цифрлық вице-министрлерінің KPI-ға ұсыныстар жинау, талдау және бекіту. Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысқа қатысу. Инвестициялық ұсыныстарды, бюджеттік инвестициялардың техникалық- экономикалық негіздемелерін және қаржыэкономикалық негіздемелерін қарау және нақты сектор салаларын ақпараттандыру саласында қорытындылар беру. Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келісу. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамаларын қарауға қатысу және Басқарма құзыреті шеңберінде салалық қорытынды беру. Басқарма құзыреті шеңберінде сервистік бағдарламалық өнімдерді жобалауға арналған тапсырмаларды келісуге қатысу. Нақты сектор салаларын цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, келісуге және бекітуге қатысу. Басқарма құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарау. Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру қажеттілігі туралы Заң департаментіне уақтылы хабарлау. Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындау және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді. Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарау, әзірлеу және бекітуге енгізу бойынша жұмыстарды орындайды. Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бизнес-процестерді реинжиниринг мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шеңберінде «Цифрлық үкіметті қолдау орталығы» ШЖҚ РМК-ның Даму бағыттары, негізгі көрсеткіштері және қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық- талдамалық материалдарды дайындауға қатысу. Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 06.09.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.09.2024 – 17.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156