Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УРИТ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар

Қосымша талаптар

Мамандық: ақпараттық технологиялар; өнеркәсіптік электроника.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға; Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға; Функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға; Қызметтік тәртiпті сақтауға; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға; Қызметтік әдепті сақтауға; Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға; Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге; Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға; Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге; Лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға; Өздерін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге мiндеттi. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге пропорционалды өтеуіне әкеп соғады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; Басқарма құзыретінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; Басқарманың құзыретіне кіретін ақпараттық технологияларды және электрондық өнеркәсіп саласын дамыту жөніндегі жоспарларды, жобаларды әзірлеуге қатысады; Ақпараттық технологиялар, электрондық өнеркәсіп мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; Ақпараттық технологиялар, электрондық өнеркәсіп мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру; Мемлекеттік органдармен олардың бағдарламалық қамтамасыз ету мен телекоммуникациялық жабдыққа қажеттілігін айқындау үшін өзара іс-қимыл жасайды; Өнеркәсіптік кәсіпорындармен олардың арасында өндірістік байланыстар құру, мемлекеттік органдар үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасында өндірісті ұйымдастыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; Отандық бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады; IT саласы бойынша деректерді өзектендіру үшін инновациялық технологиялар өндірісіне мониторинг жүргізеді; Басқарманың құзыретіне кіретін электрондық өнеркәсіп саласын дамыту жөніндегі жоспарларды, жобаларды әзірлеуге қатысады; «Астана хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің мониторингі бойынша жұмысты жүзеге асыру; Ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; Технологиялар трансфертін қоса алғанда, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етудің шетелдік өндірушілерімен өндірістік кооперацияны ұйымдастыру; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамалар әзірлеу, басшылықтың сөз сөйлеуі үшін материалдар дайындау; Басқарманың құзыреті шеңберінде қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау; Өз құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты жүзеге асыру; Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау; халықаралық саяси және экономикалық жағдайларды талдайды; келіссөздер үдерісіне және халықаралық келісімдерді әзірлеуге қатысады; ЖИ стратегияларын әзірлейді және үйлестіреді; Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау шеңберінде өзге де функцияларды жүзеге асырады; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау; ЕӨтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәселелер мен қабылданған шешімдердің сипатын сенімді түрде толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.09.2024 – 10.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156