Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Білім және кадрларды даярлау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УОИПК-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Техникалық ғылымдар және технологиялар
Қосымша талаптар
Мамандық: ақпараттық технологиялар; өнеркәсіптік электроника.
Функционалды міндеттер
Басқарма басшылығына басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарманың құзыретіне кіретін жасанды интеллект бойынша жоспарларды, жобаларды әзірлеуге қатысады. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану саласындағы консультативтік- кеңесші органдардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігіне мониторингті жүзеге асырады. Жасанды интеллектті өнеркәсіпте қолдану саласындағы халықаралық тәжірибені зерттейді. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады. «QazInnovations» Инновациялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ көрсеткіштерге қол жеткізу жұмысын үйлестіреді және мониторингтейді; Халықаралық тәжірибе негізінде де Комитету қарасты ұлттық институттарды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді, оның элементтерін мониторингтеуді және үйлестіруді жүзеге асырады; Отандық ғылым мен технологияның жетістіктерін пайдалану және оларды инновациялар, ғылымитехникалық, әлеуметтік-экономикалық прогрестің мүдделері үшін насихаттау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Негізгі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен аналитикалық зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу; Басқарманың құзыреті шегінде инновациялық және ғылыми-техникалық даму саласындағы нормативтік құқықтық актілерді дайындау және келісу; Министрліктің мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларын іске асыру. Белгіленген тәртіппен ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарын, оның ішінде ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі конкурстарды өткізуді жүзеге асыру. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдау. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларының мониторингін жүзеге асыру. Басқарма құзыретіне кіретін Комитет пен Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын орындайды. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша баяндамаларды әзірлейді, басшылықтың сөз сөйлеуі үшін материалдары дайындайды. Басқарманың істер номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруді қамтамасыз етеді. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды. Ол туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша шаралар қабылдайды. Халықаралық саяси және экономикалық жағдайларды талдайды; Келіссөздер үдерісіне және халықаралық келісімдерді әзірлеуге қатысады; ЖИ стратегияларын әзірлейді және үйлестіреді; Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады. Басқару қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу Келісімшарттардың, келісімдердің, актілердің және персоналды оқыту бағдарламаларын іске асыруға байланысты басқа да құжаттардың жобаларын дайындау және құқықтық сараптамадан өткізу. Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы білім беру бағдарламалары мен жобаларына қатысты тендерлік және сатып алу рәсімдерін құқықтық қамтамасыз ету Сыртқы серіктестермен, оның ішінде халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісімдерді дайындауға және жасасуға қатысу Даму және персоналды дайындау салаларындағы қызметіне қатысты даму саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын қарайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156