Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № УРИТ-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Техникалық ғылымдар және технологиялар
Қосымша талаптар
Мамандық: ақпараттық технологиялар; өнеркәсіптік электроника.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін басқаруды және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқармаға жүктелген міндеттерді уақытылы және сапалы орындауын бақылауды жүзеге асырады. Комитеттің басшылығына басқарманың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Технологиялардың трансфертін қоса алғанда құрал жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіретін шетелдік өндірушілермен өндірістік кооперацияны ұйымдастыру. Комитет басшылығына басқарманың штат кестесі бойынша белгіленген штат санының лимиті шегінде ұсыныстар ұсынады. Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындау және босату, сондай-ақ оларды көтермелеу және оларға тәртіптік жаза беру туралы ұсыныстарды Комитет басшысына ұсынады. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға; Басқарманың қызмет саласына кіретін мәселелер бойынша Басқарма қызметкерлеріне орындауы үшін міндетті ұйғарымдар тапсырады. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша шығыс хатхабарларға қол қояды және шешім қабылдайды. Комитет пен Министрлік басшыларының бақылаудағы тапсырмаларын сапалы және белгіленген мерзімде белгіленген талаптарға сәйкес орындайды. Басшылыққа Басқарма құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша баяндамалар дайындайды, материалдар әзірлейді. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Министрлік басшылығы үшін талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындайды. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласындағы қызметті ынталандыру бойынша нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар енгізеді. Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды. Министрлік регламентінің талаптарын сақтайды. Басқаруда салауатты климат пен жағдай жасауға ықпал етеді. Басқарма құзыреті шегінде стратегиялық, реттеуші функцияларды жүзеге асырады. Басқарманың құзыретіне қатысты бөлігінде электрондық өнеркәсіпті, ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі іс-шараларға басшылықты жүзеге асыруға қатысады. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық шарттардың мемлекетішілік рәсімдерін қарау және келісу, жүргізу; Қазақстанда цифрландыру жөніндегі халықаралық сараптамалық кеңестің отырыстарын ұйымдастыру және отырыстарды өткізу қорытындылары бойынша ұсынымдардың орындалуына мониторинг жүргізу; Басқарманың құзыреті шегінде электрондық өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар саласындағы инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Электрондық өнеркәсіптің (бағдарламалық өнімдер) жай-күйіне талдау және мониторинг жүргізеді. Сыртқы және ішкі нарықта бағдарламалық өнімдерді әзірлейтін отандық кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін қорғау бойынша ұсыныстар әзірлейді. «Астана хаб» халықаралық технологиялық паркі қызметінің мониторингі бойынша жұмысты жүзеге асырады; Ведомстволық бағынысты ұйымдардың электрондық өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар саласындағы қызметін бағдарламалық өнімдерге қатысты бөлігінде үйлестіреді. Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомстволарымен және шет елдердегі мекемелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен электрондық өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Электрондық өнеркәсіп, ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және ұйымдарымен бағдарламалық өнімдерге қатысты бөлігінде екіжақты ынтымақтастықты (Халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп) жүзеге асырады. Басқарма қызметкерлерінің бақылау құжаттарын белгіленген мерзімде орындауын, Басқарма істерінің номенклатурасын жүргізуді ұйымдастырады. Мемлекеттік және қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. халықаралық саяси және экономикалық жағдайларды талдайды; келіссөздер үдерісіне және халықаралық келісімдерді әзірлеуге қатысады; ЖИ стратегияларын әзірлейді және үйлестіреді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мәселелер мен қабылданған шешімдердің сипатын Е-Өтісі ақпараттық жүйесінде сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156