Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті Байланыс саласындағы жаңа технологияларды және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басқарма басшысы, C-3 (1 бірлік) № УРНТИИВОС-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Автоматтандыру және басқару
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Радиобайланыс, радиохабар және теледидар
  • Көп арналы электр байланысы

Қосымша талаптар

Мамандық: Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер; Автоматика және телемеханика

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметін қамтамасыз ету және басқаруды жүзеге асыру. Басқармаға жүктелген функциялардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылау. Басқарма қызметкерлерінің заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақтылы қаралуына бақылауды жүзеге асыру. Әзірлеушілері басқарма болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондайақ нормативтік құқықтық актілердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда Басқарманың құзыретіне жататын актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану бойынша шаралар қабылдау. РЖС жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Тәртіпті анықтау және жоспарлау мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, Министрліктің аумақтық органдарымен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара ісқимыл жасау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Халықаралық электр байланысы одағымен және Байланыс саласындағы өңірлік достастықпен өзара ісқимыл жасау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.08.2024 – 03.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156