Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Ғарыштық байланыс жүйесі және спутниктік навигация басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне 2025 жылғы 11 қарашаға дейін) № УКССИСН-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

Комитет басшылығы тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындауын қамтамасыз етеді. Комитет басшыларының және Басқарма басшысының тапсырмалары бойынша талдамалық анықтамалар, қызметтік жазбалар дайындайды. Сыбайластық жемқорлықтың болуына жол бермейді. Геостационарлық (ГСО) ғарыштық байланыс жүйелерін құру бойынша ғарыш қызметі саласындағы жобалардың (инвестициялық ұсыныстар, ТЭН, ҚЭН) материалдарына салалық сараптаманы өткізуді ұйымдастырады және оларға қорытындыларды дайындайды. ГСО ғарыштық байланыс жүйелері үшін орбиталық-жиіліктік ресурсты қамтамасыз ету, дамыту және тиімді пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстарды пысықтайды және әзірлейді; Ғарыштық байланыс жүйесінің жерүсті инфроқұрылымын және жерсеріктерін сақтандыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлейді; Навигация және ГСО ғарыштық байланыс жүйелерін, соның ішінде күштік құрылымдар мүдделерінде тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жағдайларын жасау бойынша ұсыныстар әзірлейді; ГСО ғарыштық байланыс жүйелері базасында қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар әзірлейді; Қазақстан Республикасы үшін жасалынатын ғарыштық байланыс жүйелерін өндіру мемлекеттік тапсырмалар тізіміне ұсыныстарды әзірлейді. Ұлттық ғарыштық байланыс жүйелерінің спутниктік ресурсын қазақстандық және шетелдік байланыс және тарату операторларымен тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді; ГСО ғарыштық байланыс жүйелерін құру бойынша ғарыштық қызметі саласындағы жобаларға техникалық тапсырманы (техникалық спецификацияны) қалыптастыруды (әзірлеуде) жүзеге асырады. Басқармаға тиесілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйелері құжаттарының жыл сайынғы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді және олар бойынша кешенді ісшараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға ұсыныстар енгізеді; Навигация және ГСО ғарыштық байланыс жүйелері бөлігінде Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің және әлемдік тенденцияның дамуын болжауда және жағдайына талдау жүргізуде қатысады; Келесі жылғы Комитет бюджетін құру және ағымдағы жылғы бюджетті түзету, Комитет әкімшілік ететін ғарыш саласындағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады;Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін әзірлейді; Басқарманың жұмыс жоспарына ұсыныстар, есептер және Басқарманың қызметі туралы анықтамалар және Басқарманың құзіреті шегінде басқа да ақпараттар дайындайды; Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтайды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сауалдарына, бұқаралық ақпарат құралдарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне ақпараттық және есептік материалдар дайындайды; е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру). Берілген құқықтарды жүзеге асыру, Басқарманың тапсырмалары мен міндеттері бойынша басқада міндеттемелерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2024 – 02.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156