4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 7 наурызға дейін) № УКБ-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Авиациялық техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік, нұсқаулық және басқа да құжаттарды орындауды жүзеге асыруға; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын қарастыруға; Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешенінің объектілерінің («Роскосмос» ғарыш қызметі бойынша мемлекеттік корпорациясының қарамағындағы және т.б.) сақталуын және пайдалану шарттарына бақылау жүргізуге қатысуға; «Байқоңыр» кешеніндегі жұмыс жүргізетін Ресей Федерациясының ұйымдары мен кәсіпорындары арасында бір-біріне берілетін, сонымен қатар, олардың есебінен шығарылып Қазақстан Республикасы шаруашылық субъектілеріне берілетін, жалға алынған «Байқоңыр» кешенінің мүліктері мен объектілерінің техникалық жағдайын бағалау және қабылдау-тапсыру бойынша комиссия жұмысына қатысуға; «Байқоңыр» кешені жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің жағдайына талдау жасауға; «Байқоңыр» кешенінің жұмыс жасау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуге; «Байқоңыр» кешені объектілерінің сақталуы және пайдалану шарттарын бақылау бойынша Қазақстан Республикасы арнайы ведоствоаралық комиссия жұмысына қатысуға; «Байқоңырбаланс» РММмен мүліктік мәселелер бойынша өзара іс-қимылдар жасауға; Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге; Ресей Федерациясының жалға алуы жағдайында «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуіне байланысты мәселелер бойынша Ресей тарапымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен белгіленген тәртіппен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады; «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыруға; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2024 – 02.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156