Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық шешімдер департаменті Цифрлық cервистер басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № ДЦР-4-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Есептеу техникасы мен желілерін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретіне кіретін Департамент пен Министрлік басшылығының бақылау тапсырмаларын орындау. Цифрлық сервистер мен шешімдерді әзірлеуге және енгізуге байланысты міндеттерді үйлестіру. Басқарманың құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі, Департамент және Министрлік басшылығы үшін талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар дайындау. Басқарманың істер номенклатурасын жүргізуді қамтамасыз ету. Құжаттарды есепке алуды және сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға беруді қамтамасыз ету. Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156