Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография департаменті Мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № ДГИК-4-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Белгіленген мерзімде Басқарма басшысының және Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау; Министрліктің Стратегиялық жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, Комитетке тікелей қатысы бар міндеттер мен индикаторларға қол жеткізу; Өз қызметіне қатысты бөлігінде ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде Департаментке келіп түскен азаматтардың, заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдары мен арыздарын қарайды және геодезиялық және картографиялық қызмет мәселелері бойынша жауаптар мен қажетті түсіндірмелерді, сондай-ақ органдардың ұсыныстары мен сұрауларын дайындайды; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; Геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) рұқсат беруді жүзеге асыру; Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәртібі туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету; Басқарманың өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процестерін автоматтандыруды және оңтайландыруды жүзеге асыру; Геодезия және картография саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету бойынша озық технологияларды дамыту бойынша ұсыныстарды зерделеу, талдау және енгізу; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпарат беру; Басшылықпен анықталған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649156