Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Дербес деректерді қорғауды дамыту бойынша басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УПРЗПД-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

жаратылыстану ғылымдары: (математика және информатика)

Функционалды міндеттер

Дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға; Дербес деректер және оларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуге; Дербес деректер субъектісінің өтініштерін қарауға; Субъектілердің құқықтарын қорғауды жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыруға; Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын әзірлеуге; Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректер тізбесін айқындау қағидаларын әзірлеуге; Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуге; Дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу бойынша азаматтарды хабардар ету қағидаларын әзірлеуге; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты жүргізу; Өз құзыреті шегінде дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін басшылыққа алуға міндетті. Басқарманың құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндірсін. Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының нысаналы индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты жүргізуге міндетті. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындауға міндетті. Басқармаларға жүктелген міндеттер шеңберінде дербес деректерді қорғау саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға құқылы. Басқарманың құзыреті шегінде Ақпараттық қауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселесі бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындауға; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу бойынша бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Басқарманың құзыреті шеңберінде дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысуға міндетті. Басқарма құзыреті шеңберінде дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша жұмыс топтарын қалыптастыру. Басқарманың құзыреті шеңберінде дербес деректерді қорғау мәселелері жөніндегі кеңестерді ұйымдастыруға қатысуға міндетті. Басқарманың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау үшін материалдарды (пресс-релиздерді) ұйымдастыруға және дайындауға; Дербес деректерді қорғау бөлігінде Комитеттің қызметін жария ету және түсіндіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 31.07.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.08.2024 – 05.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156