Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 16 қазанға дейін) № УСМИ-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Экономика
  • Халықаралық журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Жобаны басқару
  • Іскерлік әкімшілікжүргізу
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

Басқарманың бас сарапшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді іске асыру үшін: лауазымдық міндеттерді осы лауазымдық нұсқаулығына сәйкес орындауға; сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықты немесе ықпалды тудыратын, жемқорлыққа жағдай туғызатын жағдайларға қарсы тұруға; Министрлік әзірлейтін нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерді дайындауға қатысу, соның ішінде Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерінің әзірлеуіне атсалысуға; Қазақстан Республикасында цифрлық, инновациялық даму және ғарыш қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті дамытуды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі тапсырмаларды әзірлеуге және оларды Министрліктің қарамағындағы немесе сенімгерлік ұйымдарға жеткізуге, сондай-ақ олардың орындалуын қадағалауға; Жергілікті, республикалық және шетелдік БАҚ үшін Министрлік басшыларының сұхбаттарын ұйымдастыру, арнайы түсініктемелер дайындау; Баспасөз бетіне жариялау үшін өз құзіреті шегінде Министрлік басшыларының сұхбаты үшін тезистер дайындауға; БАҚ үшін материалдар дайындауға, олардың қызметі бойынша материал дайындауда Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен қарым-қатынас орнатуға; Қазақстан Республикасында цифрлық, инновациялық даму және ғарыш қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жыл сайынғы медиа-жоспарды (Қазақстан Республикасында цифрлық, инновациялық даму, ғарыш қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын) әзірлеуге; Қазақстан Республикасында цифрлық, инновациялық даму және ғарыш қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті насихаттауда иммидждік бейне- аудиоөнімдер концепциясын әзірлеуге және іске асыруға; Министрлік басшыларының қатысуымен брифингтер, баспасөз конференцияларын, интернет конференцияларды өткізуді ұйымдастыруға, тақырыптық баспасөз релиздерін және ақпараттық хабарламаларды таратуға; Министрлік және оның қарамағындағы немесе сенімгерлік басқаруындағы ұйымдар өткізген салалық шараларды әлеуметтік желілерде жариялауға, интернетте қолдауды және ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыруға; Министрліктің ресми интернет-ресурсына шыққан материалдарға мониторинг жүргізуге; Министрлік қызметін көрсету бойынша пресс-пулға кіретін журналистер тізімін құруға; қызметтік міндет шегінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындауға; бақылаудағы құжаттарды уақытылы орындауға; Басқарма мәселелеріне қатысты есептерді, анықтамаларды, хаттарды, және басқа да құжаттарды дайындауға; Электронды порталдағы Министрліктің ресми сайтына ресми материалдарды жариялауды ұйымдастыруға; Министрліктің іс-шараларын фото-видеотүсірілім жасауды, сондай-ақ, БАҚ- қа видеоматериалдарды беруді ұйымдастыруға; Министрліктің іс-шарасын жариялау үшін республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін аккредитациялауды ұйымдастыруға; Басқармада іс жүргізуді, оның ішінде кіріс және шығыс корреспонденциясын есепке алуды ұйымдастыру, басшылық тапсырмалары мен құжаттардың орындаушыларға уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қолдану, сондайақ басшылық тапсырмалары мен құжаттардың уақтылы орындалуын бақылауға, Басқармадағы іс жүргізудің және атқарушылық тәртіптің жай- күйі туралы Басқарма директоры- Баспасөз-хатшысы хабар етуге; құжаттардың Электронды құжат айналымының Бірыңғай жүйесі бойынша өту тәртібін сақтауға; еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; ішкі еңбек тәртіптемесінің бекітілген ережелерін сақтауға; апараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға; Басқарманың басқа да міндеттері бойынша берiлетiн құқықтарын, сондай-ақ мақсаттарын және функцияларын жүзеге асыруға міндетті. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 30.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

31.07.2024 – 08.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156