Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті деректер архитектурасы басқармасының сарапшысы, C-5, 1 бірлік, №ДАИПЦТ-5-6

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері
  • Информатика, есептеу техникасы және басқару

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға. Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға. Функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға. Лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға. Қызметтік тәртiпті сақтауға. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтауға. Қызметтік әдепті сақтауға. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерi, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегiнде шығарылған болса, оларды орындауға. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға, ол жөнiнде қолхат беруге. Лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге. Мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалануға. Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге. Лауазымдық міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға. «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті. Басқарманың құзыреті шегінде мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарастыруға. Ақпараттандыру саласындағы шараларды жүзеге асыру шеңберінде Министрліктің тиісті бюджеттік өтініштері мен стратегиялық жобаларын, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын құруға қатысуға. Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік тапсырысты, мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу жұмысына қатысуға. Көлік, қаржы, экология және табиғи ресурстар домендері бойынша деректер архитектурасын қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Бірыңғай деректер қоймасын қалыптастыруға арналған ақпараттық-талдау жүйесін ұйымдастырушылық және әдіснамалық сүйемелдеу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқа да міндеттерді жүзеге асыруға.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.07.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.07.2024 – 06.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156