Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті Бақылау басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Кәсіптік оқыту
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика

Функционалды міндеттер

  • Басқарманың жоспарлы құжаттарын әзірлеу.
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің тапсырмалары мен басқа да құжаттарын, министрліктердің, ведомстволардың және басқа да ұйымдардың құжаттарын келіп түсуіне орай ҚР заңнамасына сәйкес бақылауға қоюды және  тапсырмаларды орындау мерзімдерін белгілеуді жүзеге асыру.
  • Министрлікте бақылау құжаттарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметі тапсырмаларының уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
  • Орындау мерзімі ағымдағы аптада болатын құжаттар бойынша апта сайынғы ескертпе тізбені дайындау.
  • Министрдің және Жауапты хатшының бұйрықтарын Документологта тіркеу.
  • Министрліктің мекенжайына Мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы келіп түсетін  нормативтік құқықтық актілер жобаларының уақтылы өтуіне және келісуіне бақылауды жүзеге асыру.
  • Бақылау құжаттарын ескерту ақпараттық жүйесімен («Бағдаршам») жедел жұмысты жүзеге асыру.
  • Министрде, Жауапты хатшыда, вице-министрлерде жеке мәселелер бойынша азаматтарлы қабылдаудың тоқсандық кестесін жасау, қабылдау кестелерін Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің Кеңсесіне жолдау.
  • Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін уақытылы қарауын бақылауды жүзеге асыру.
  • Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жартыжылдық және жылдық есеп дайындау.
  • Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін уақтылы және сапалы қарастырылуы бойынша ай сайын талдау жүргізу.
  • Министр мен Жауапты хатшының аппараттық кеңестеріне құжат айналымы және бақылау тапсырмаларын орындау бойынша жиынтық есептер, депутаттық сауалдар мен өтініштер, министрліктер мен ведомстволардың сауалдары мен хаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау және құжат айналымы бойынша жиынтық есептер дайындау.
  • Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, комитеттеріне рейтингтік бағалау жүргізу үшін, орындау мерзімдері бұзылып орындалған құжаттар бойынша ай сайынғы жиынтық есеп жасау.
  • Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшылығы үшін орындаушылық тәртіп бойынша тоқсандық және жылдық есептер дайындау.
  • Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.07.2020 – 04.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

+77751823239