Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Салаларды цифрландыру департаменті Әлеуметтік-экономикалық саланы цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2024 жылғы 31 тамызға дейін) № ДЦО-5-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері
  • Информатика, есептеу техникасы және басқару

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдауға; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдауға; функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыруға; лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға; қызметтік әдепті сақтауға;. Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарауға; Оларды жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқу аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметте жұмыспен өтеуге міндетті. Осы міндеттемені орындамау мемлекеттік қызметшінің мемлекетке өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды орындалмаған міндеттемелерге бара-бар өтеуіне әкеп соғады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермеу. Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе Құқық қорғау органдарының назарына жеткізу. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де сақтау. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар- намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау. Еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы цифрландыру жұмысын ұйымдастыру; Ғылым және жоғары білім саласында цифрландыру жұмысын ұйымдастыру; ектепке дейінгі және орта білім беру саласында цифрландыру жұмысын ұйымдастыру; Мәдениет және ақпарат, туризм және спорт саласында цифрландыру жұмысын ұйымдастыру; «Е-densayluq» іске асыру жобалары бойынша жұмысты ұйымдастыру; «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-мен денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау. Қосымша білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын, Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру (darabala.kz, damubala.kz, art.sport; Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жөніндегі цифрландыру жұмысты ұйымдастыру. әлеуметтік – экономикалық саланың «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған ақпараттандыру саласындағы техникалық тапсырмалар мен қорытындыларды қарау; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған әлеуметтік – экономикалық бағыттағы ақпараттандыру саласы шығыстарының есептеулеріне қорытындыларды қарау; «электрондық үкіметтің «архитектуралық порталында әлеуметтікэкономикалық саладағы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу жөніндегі жұмысты үйлестіру, өзге де ұйымдар қызметінің реинжинирингін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпараттандыру саласындағы саясатты іске асыру; әлеуметтік – экономикалық саланың «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу; жеке әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік- жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына салалық қорытындыны, әлеуметтік-экономикалық саланың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды қарау және келісу; әлеуметтік-экономикалық саладағы бюджеттік инвестициялардың инвестициялық ұсыныстарына, қаржыэкономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы қорытындыларды қарау. Қаржы-экономикалық блок бойынша цифрлық вице-министрлерінің KPI-ға ұсыныстар жинау, талдау және бекіту. Басқарма құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарау. Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есептеріне сараптама кеңесіне қорытындылар қарау және беру. Басқарманың құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді, мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру бойынша жұмысты орындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты орындау. Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындау және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді. Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарау, әзірлеу және бекітуге енгізу бойынша жұмыстарды орындайды. Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау; е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.07.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.07.2024 – 19.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156