Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Заң департаменті Шарттық және талапарыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № ЮД-4-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Басқармаға орындауға түсетін қызметтік құжаттарды уақтылы және сапалы қарайды. Басқарманың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарайды. Нормативтік емес құқықтық актілердің, шарттардың, келісімдердің және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне сараптаманы қамтамасыз етеді. Министрліктің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі сот отырыстарына, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға, барлық сатыдағы соттарда қатысады. Министрліктің сот және құқық қолдану практикасына талдау жүргізеді. Талап арыздарды, апелляциялық, кассациялық шағымдарды, Сот пікірлерін, өтінішхаттарды, өтініштерді және өзге де процестік құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды, сондай-ақ беруді жүзеге асырады. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот актілерін орындау жөніндегі органдармен, басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарлары мен іс- шараларының жобаларын Министрліктің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарына, даму жоспарына сәйкестігін қарайды. Министрлік өкілдерін және Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілдерін акцияларының (қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары Министрлікке берілген акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңестерінің (байқау кеңестерінің) құрамына тағайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Құрамына Министрліктің басшылығы не өкілі кіретін акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңестері (байқау кеңестері) отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қорытындылар дайындауды жүзеге асырады. Есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері туралы ведомстволық бағынысты ұйымдарға тыңдаулар жүргізеді. Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының паспорттарын қалыптастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті саланың жалғыз акционерінің, уәкілетті органының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің бұйрықтарын әзірлейді және Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының корпоративтік басқару жүйесін және Үздік корпоративтік практиканы енгізуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ Департамент құзыреті шегінде олардың сақталуына мониторингті жүзеге асырады. Департаменттің құзыреті шегінде корпоративтік басқару мәселелері бойынша тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға есептілікті ұсынады. Министрліктің және Департаменттің басшылығы үшін Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындауды жүзеге асырады. Басқарма қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді. Министрлік пен Департамент басшылығының тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібі мен Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтайды. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156