Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (2 бірлік) № УГКВСОК-4, № УГКВСОК-5
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
Қосымша талаптар
жаратылыстану ғылымдары (математика және информатика)
Функционалды міндеттер
Басқармаға жүктелген функцияларды уақтылы және сапалы орындауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және орталық мемлекеттік органдармен өзара ісқимылды жүзеге асыру; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқама жіберу; Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттандыру саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша сот органдарына талап- арыздар дайындауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттандыру саласындағы заңнамасының талаптарын орындауға қатысты құжаттардың (хаттамалардың, нұсқамалардың, тексерулерді тағайындау туралы актілердің) нысандарын әзірлеуді және бекітуді жүзеге асыру; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауды жүзеге асыру; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттар мен ақпараттар жобаларын дайындауды жүзеге асыру; Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруді жүзеге асыру; Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Басқарма құзыреті шеңберінде Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын орындауға қатысуға; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрліктермен, ведомстволармен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Комитет қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуі жөнінде шаралар қабылдау; Функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермейді; Министрлік пен Комитеттің регламентін, құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау; Нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты жүргізу; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156