Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 7 наурызға дейін) № УК"-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік, нұсқаулық және басқа да құжаттарды орындауды жүзеге асыруға; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын қарастыруға; Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешенінің объектілерінің («Роскосмос» ғарыш қызметі бойынша мемлекеттік корпорациясының қарамағындағы және т.б.) сақталуын және пайдалану шарттарына бақылау жүргізуге қатысуға; «Байқоңыр» кешеніндегі жұмыс жүргізетін Ресей Федерациясының ұйымдары мен кәсіпорындары арасында бір-біріне берілетін, сонымен қатар, олардың есебінен шығарылып Қазақстан Республикасы шаруашылық субъектілеріне берілетін, жалға алынған «Байқоңыр» кешенінің мүліктері мен объектілерінің техникалық жағдайын бағалау және қабылдау-тапсыру бойынша комиссия жұмысына қатысуға; «Байқоңыр» кешені жерүсті ғарыштық инфрақұрылым объектілерінің жағдайына талдау жасауға; «Байқоңыр» кешенінің жұмыс жасау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуге; «Байқоңыр» кешені объектілерінің сақталуы және пайдалану шарттарын бақылау бойынша Қазақстан Республикасы арнайы ведоствоаралық комиссия жұмысына қатысуға; «Байқоңырбаланс» РММмен мүліктік мәселелер бойынша өзара іс-қимылдар жасауға; Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге; «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыруға; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру). Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156