Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Ғарыштық байланыс жүйелері басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УКСС-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Жобаны басқару
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
Функционалды міндеттер
Комитет басшылығы тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындауын қамтамасыз етеді. Комитет басшыларының және Басқарма басшысының тапсырмалары бойынша талдамалық анықтамалар, қызметтік жазбалар дайындайды. Сыбайластық жемқорлықтың болуына жол бермейді. Геостационарлық емес (ГЕСО) ғарыштық байланыс жүйелерін құру бойынша ғарыш қызметі саласындағы жобалардың (инвестициялық ұсыныстар, ТЭН, ҚЭН) материалдарына салалық сараптаманы өткізуді ұйымдастырады және оларға қорытындыларды дайындайды. ГЕСО ғарыштық байланыс жүйелері үшін орбиталық-жиіліктік ресурсты қамтамасыз ету, дамыту және тиімді пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстарды пысықтайды және әзірлейді; Ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторын анықтау, сондай-ақ Басқармаға жүктелген тапсырмаларға сәйкес оның міндеттері мен функциялары бойынша ұсыныстарды пысықтайды және әзірлейді; Қазақстан Республикасында ГЕСО жүйелерін заңдастыру, соның ішінде ақпараттық және ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету бөлігінде шаралар бойынша ұсыныстар әзірлейді; ГЕСО ғарыштық байланыс жүйелерін соның ішінде жерүсті байланыс технологияларымен қамтылмаған АЕМ Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен қамту бойынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жағдайларын жасау бойынша ұсыныстар әзірлейді; ГЕСО ғарыштық байланыс жүйелері базасында қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау бойынша ұсыныстар әзірлейді; Қазақстан Республикасы үшін жасалынатын ғарыштық байланы жүйелерін өндіру мемлекеттік тапсырмалар тізіміне ұсыныстарды әзірлейді; ГЕСО ғарыштық байланыс жүйелерінің спутниктік ресурсын қазақстандық және шетелдік байланыс және тарату оперторларымен тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлейді; ГЕСО ғарыштық байланыс жүйелерін құру бойынша ғарыштық қызметі саласындағы жобаларға техникалық тапсырманы (техникалық спецификацияны) қалыптастыруды (әзірлеуде) жүзеге асырады; ГЕСО ғарыштық байланыс жүйелері бөлігінде Қазақстан Республикасының ғарыш қызметінің және әлемдік тенденцияның дамуын болжау және жағдайына талдау жүргізуге қатысады; Қазақстан Республикасының мемелекеттік жоспарлау жүйелері құжаттарының жыл сайынғы көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді және олар бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға ұсыныстар енгізеді; Келесі жылғы Комитет бюджетін құру және ағымдағы жылғы бюджетті түзету, Комитет әкімшілік ететін ғарыш саласындағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады; Комитет басшыларымен және Басқарма басшымен тамсырылған міндеттеріне сәйкес ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының нормативлік құқықтық актілер жобаларды әзірлейді; Басқарманың жұмыс жоспарына ұсыныстар, есептер және Басқарманың қызметі туралы анықтамалар және Басқарманың құзіреті шегінде басқа да ақпараттар дайындайды; Ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын сақтайды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың сауалдарына, бұқаралық ақпарат құралдарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне ақпараттық және есептік материалдар дайындайды; Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру). Берілген құқықтарды жүзеге асыру, Басқарманың тапсырмалары мен міндеттері бойынша басқада міндеттемелерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156