Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қаржы департаменті Бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
- Ақпараттық-талдау жұмысының және келіп түсетін мәліметтер мониторингінің нысандары мен әдістерін игеру;
- Бюджеттік кодекстің талаптарына сәйкес Министрліктің кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімді құру әдістері мен нысандарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау;
- Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ Министрліктің ұсталуы мен дамуына кететін шығындарды жоспарлау, бюджетті жоспарлау тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша әдістемелік нұсқауларды дайындау;
- Бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын жоспарлау үшін жауаптылардың бюджеттік өтінімдерінің бюджеттік заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру және талдау;
- құрылымдық бөлімшелер ұсынған бюджеттік бағдарламалар іс-шараларының және Министрлік басшылығының тапсырмаларының бюджеттік өтінімдері негізінде Министрліктің жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастыру;
- Министрліктің бюджеттік өтінімін уақытылы жиынтықтау және оны жоспарлы кезеңге бағыттау.
- Министрліктің Бюджеттік комиссиясының отырысына материалдарды дайындау.
- Бюджеттік бағдарламалардың жобасы бойынша бюджеттік бағдарламалар іс-шараларын жоспарлауға жауаптылардан ұсыныстарды талап ету.
- Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Жарияланған күні: 20.07.2020
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
21.07.2020 – 29.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- қашықтық бейнебайланыс құралы арқылы
-
+77751823239