Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Халықаралық байланыстар басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УМС-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлемдік экономика
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастығы бойынша ұсыныстар әзірлейді; Қазақстанның Зымыран технологияларын бақылаудың халықаралық режиміне қосылуы бойынша жұмыс жүргізеді; Қазақстан Республикасының атынан жасалатын ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындайды (Азия елдерімен шарттар); Комитет жұмыс органы болып табылатын халықаралық шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізеді (ТМД Ғарыш жөніндегі Мемлекетаралық кеңесі, ТМД радионавигация жөніндегі Мемлекетаралық кеңесі, «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Жерді қашықтықтан зондтау деректерінің ұлттық көздері негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі интеграцияланған жүйесі» мемлекетаралық бағдарламасы); Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді; Ғарыш қызметі саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын әзірлейді, оларды қол қоюға дайындайды, халықаралық шарттардың күшіне енуі, олардың қолданысын ұзарту және тоқтату бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындайды (Орталық Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерімен, ТМД шеңберіндегі көпжақты шарттар және т.б.); Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар дайындайды; Ғарыш қызметі мәселелері бойынша шет мемлекеттердің өкілдерімен кездесулер мен келіссөздерді протоколдық-ұйымдастыру тұрғысынан сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; Басқарманың құзыретіне жатқызылған халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен халықаралық ұйымдармен жұмыс жүргізеді; Ғарыш қызметі саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын (ведомствоаралық келісімдер) әзірлейді және қол қоюға дайындайды; Шетелдік азаматтардың ғарыш қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына келуі, ғарыш қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық форумға, семинарға және кездесулерге қатысуы үшін визалық қолдау алуын қамтамасыз етеді; Ғарыш қызметі мәселелері бойынша ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың қызметіне қатысу жөніндегі іс-шараларды дайындауға қатысады; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, өзге де ұйымдармен, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды; Халықаралық шарттарға қол қоюға дайындау, олардың күшіне енуі, халықаралық шарттардың қолданысын ұзарту және тоқтату жөніндегі жұмысқа қатысады; Халықаралық шарттардың күшіне енуі, олардың қолданысын ұзарту, тоқтату жөніндегі мемлекетішілік рәсімдерді бақылайды және орындайды; Ғарыш қызметі саласындағы шарттық-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды; Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Комитет пен Министрлік әзірлейтін басқа да құжаттардың жобаларын әзірлейді; Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін, оның ішінде басқарма қызметкерлері арасында жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермейді; Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру). Өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласындағы шарттық-құқықтық базаны түгендеуді, халықаралық шарттардың мәтіндерін есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.04.2024 – 10.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156