Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Байқоңыр" кешенін дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УРК"-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Авиациялық техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Техникалық физика
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде «Байқоңыр» кешені бойынша ынтымақтастықтың мәселелері бойынша ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; «Байқоңыр» кешенін жалға беру шарты және басқа да «Байқоңыр» кешені жөніндегі халықаралық шарттар бойынша жұмысты үйлестіреді; Ресей Федерациясының жалға алу жағдайында «Байқоңыр» кешені қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарды дайындайды; «Байқоңыр» кешенінің мәселелері бойынша кездесулер мен келіссөздерді хаттамалық-ұйымдық қамтамасыз етуін жүзеге асырады; «Байқоңыр» кешенінің мәселелері бойынша халықаралық шарттар жобаларын әзірлеуге қатысады; «Байқоңыр» кешенінің мәселелері бойынша жұмыс топтарының, комиссиялардың қызметіне қатысады; «Байқоңыр» кешенінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдармен және кәсіпорындармен өзара әрекеттеседі; «Байқоңыр» кешені бойынша халықаралық шарттардың ережелерін іске асырудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстарды әзірлейді; Ресей Федерациасына жалда берген жағдайында «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуімен байланысты мәселелер бойынша Ресей тарапымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдармен белгіленген тәртіппен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады; Басқармаға жүктелген міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; «Байқоңыр» кешені бойынша халықаралық шарттар жобаларын өз құзыреті шеңберінде қол қоюға дайындауды жүзеге асырады; Өз құзыреті шегінде «Байқоңыр» кешені бойынша халықаралық шарттардың күшіне ену, ұзарту және олардың қолданылу күшін тоқтату бойынша мемлекет ішіндегі рәсімдерді орындауға қатысады; «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен уағдаластықтарының орындалуына мониторингі мен бақылауды жүзеге асырады және мониторингінің нәтижесі бойынша ұсыныстарды дайындайды; Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезіндегі апаттар себептерін тексеру және келтірілген залалды бағалау бойынша үкіметаралық және үкіметтік комиссиялардың жұмысына қатысады; Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезіндегі апаттар себептерін тексеру және келтірілген залалды бағалау бойынша үкіметаралық және үкіметтік комиссиялары қызметінің қорытындысы бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды; «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді; «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша жыл сайынғы қорытындысын дайындайды; Басқарманың жұмыс жоспарлары мен есептерін даярлауға қатысады; Комитеттің ішкі жұмыс тәртіптемесінің қағидаларын сақтайды; Сыбайлас жемқорлықтың болуына қарсы тұрады, оның ішінде Басқарма қызметкерлерінің арасында сыбайлас құқық бұзушылықтарға немесе сыбайлас жемқорлыққа байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайларды тудыратын іс-қимылдарға жол бермейді; Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтырады. (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156