Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Әкімшілік жұмысы басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № УАР-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес Еңбек міндеттерін орындауға міндетті; Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін, оның ішінде басқарма қызметкерлері арасында жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуге міндетті; Басқарманың жұмысын жоспарлауға, ұйымдастыруға және үйлестіруге және оның орындалуын қамтамасыз етуге міндетті; Лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес басқарма қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу; Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органның миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған ғарыш қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; Өз құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларға, ғарыш саласы мәселелері бойынша Министрліктің стратегиялық, операциялық жоспарларына ұсыныстар енгізу; Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан сараптамасын жүзеге асыру; Әзірлеушісі Комитет болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуі кезінде басқарма қызметкерлерінің қатысуына және қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; Комитет, Министрлік әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, сондай-ақ құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Комитеттің, Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысуға құқылы; Әртүрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдар құратын топтардың жұмысына қатысуға құқылы; Құзыреті шегінде Комитеттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Комитеттің атынан түсіндірмелер дайындау; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан Комитетке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жүзеге асыру; Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде Комитеттің мүдделерін білдіруге; Заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхат беруге; Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті; Комитетте тұрақты негізде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіру; Өз құзыреті шегінде мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министрі Кеңсесінің, Комитет, Министрлік басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ өзге де тапсырмаларды Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету; Комитетте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және жалпыға бірдей құқықтық оқыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Басқармадағы бақылаудағы құжаттардың және барлық кіріс хат-хабарлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті; Ішкі еңбек тәртібінің белгіленген қағидаларын сақтауға міндетті; Комитеттің норма шығармашылық қызметіне талдау жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және талдау нәтижелері бойынша Комитет Төрағасына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді; Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізуді және оларды жою мен кінәлі лауазымды адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізуді ұйымдастыруға; Басқарма қызметіне қатысты мәселелер бойынша есептерді, анықтамаларды, хаттарды және басқа құжаттарды дайындайды; Комитет Төрағасына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар, қаулылар, өкімдер және басқа да құжаттар жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан заң сараптамасын жүзеге асыру; Конкурстық іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметті үйлестіру; Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді үйлестіреді; Мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту рәсімдерінің сақталуын, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) қамтамасыз етуді үйлестіру; Кадрларды іріктеуді ұйымдастыруды, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеуді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді үйлестіру. Кадр мәселелері жөніндегі есептің уақтылы және сапалы жасалуын қамтамасыз ету; Жеке құрам, демалыстар, іссапарлар жөніндегі Комитеттің кадрлық іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты, жұмыскерлердің құжаттарын міндетті арнайы тексеруге қалыптастыруды, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы ұйымдастыру; Комитетте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру; Комитетте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті; Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге, Комитет Төрағасына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстар енгізуге; Комитеттің марапаттық іс қағаздарын жүргізуді қамтамасыз ету; Комитет қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру және жұмыс уақытын есепке алуға талдау жүргізу; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) сақталуын қамтамасыз етуге міндетті; Комитеттің персоналды басқару стратегиясының іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және шығыс хат-хабарларға қол қою; Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Комитет қызметкерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық қызмет көрсету мәселелерін ұйымдастыруды үйлестіру; Комитеттің қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыру; Комитеттің барлық кіріс және шығыс хатхабарларын тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Құжат айналымы саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастыруға қатысу және оның Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің орындалуын бақылау; Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Парламентінен, Үкіметінен Комитетке келіп түскен хатхабарлардың, азаматтардың және барлық деңгейдегі әкімдердің өтініштерінің, Комитет басшылығы, Министрлік басшылығы тапсырмаларының қаралуын, уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру; Почтаны ресімдеуді және жөнелтуді ұйымдастыру, комитеттің хат-хабарларын адресаттар бойынша жеткізуді қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитеттің ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық есептерін жасау және уақтылы тапсыру жұмысын ұйымдастыру; «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар іс жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға міндетті; Жетекшілік ететін бағыттар бойынша Комитет қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмысты ұйымдастыру; Өз құзыреті шегінде заң және кадр мәселелері жөніндегі комитеттің қызметкерлеріне консультация беру; Құзыреті шегінде «құпия», «өте құпия» белгісі бар құжаттарды орындау; Басқарма құзыреті шегінде Комитет қызметінің ұйымдастыру мәселелерін іске асыру; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркеу сатысында өтінішті тіркеу карточкасының деректемелерін (өтініш түрі, өтініш нысаны, өтініш беру тілі, азаматтық, ұлты, жынысы, өтініш берушінің қызметі және т.б.) дұрыс толтыру; (№15/НК 9.02.2023 ж. бұйрықпен толықтыру); Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру). Берілген құқықтарды, сондай-ақ басқарманың міндеттері мен функцияларын іске асыру бойынша өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.03.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.03.2024 – 29.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156