Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы әкімшілендіру басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УАР-5
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ұлттық почта операторы көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша шығындарды өтеу бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (фронт-офистер, АХАТ, е-Otinish сүйемелдеу) қызметін ұйымдастыру бойынша актілерді қабылдауды, көрсетілген қызметтер туралы есептерді тексеруді жүзеге асыру; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін әзірлеу; Аймақтарға бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін әзірлеу; Мемлекеттік қызметтерді сапалы және үздіксіз көрсету бөлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметін тексеруді жүзеге асыру; Мемлекеттік қызметтерді сапалы және үздіксіз көрсету бөлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметін ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру; Сапалы және үздіксіз қызмет көрсету бөлігінде бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру; Комитет құзыреті шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Комитет балансындағы ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің нысаналы индикаторларына, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Даму жоспары мен Операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау жөніндегі жұмысты орындау; Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, арыздар мен шағымдарды қарау; Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156