Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Жоспарлау, талдау және бақылау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 18 тамызға дейін) № УПАИК-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Халықаралық қатынастар
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Ғарыш аппараттарын өндіру

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Жалғыз акционердің және бағынысты ұйымдардың директорлар кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; Жобалық басқару шеңберінде аэроғарыш өнеркәсібін дамыту басымдығы бойынша жұмыстарды жоспарлау, жинақтау, талдау, үйлестіру және жүргізу; Ғарыш саласы мәселелері бойынша Мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларға, Министрліктің стратегиялық, операциялық жоспарларына ұсыныстар енгізу; Ғарыш қызметіндегі мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониторинг, талдау және бағалау жүргізу; Ғарыш саласын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу; Ведомстволық бағынысты кәсіпорындар қызметінің негізгі бағыттарына мониторингті жүзеге асыру; Комитеттің, Министрліктің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына анықтамаларды, ақпараттарды, есептерді, материалдарды дайындау; Министрлікке ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар дайындау; Басқарманың негізгі қызметі бойынша қорытындыларды, талдамалық материалдарды дайындау; Басшылықтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда басқарма мен Комитетті ұсыну; Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу; Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру). Басқарма Ережесіне және Комитет басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.01.2024 – 30.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156