Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Электрондық үкіметтің» ішкі контур жобалары басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 12 наурызға дейін) № УПВК«П-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

«Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу; «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын әзірлеу; Мемлекеттік органдар ашық деректердің интерент-порталында орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды ұсыну форматының тәртібін әзірлеу; Автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты әзірлеу; Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және келісу; Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу; Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Жобалар бойынша нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және жетілдіру. Ақпараттандыру саласындағы әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде ақпараттандыру саласындағы жобалардың орындалуын және іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін жобалар бойынша техникалық ерекшеліктерді құру және сатып алынған ЕАҰ мен жабдықтарды қабылдауды жүзеге асыру. Ақпараттық жүйелер мен ресурстарды пайдалануға қабылдау бойынша іс-шараларға қатысу. Функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітушілікке жол бермеу. Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе Құқық қорғау органдарының назарына жеткізу. Министрлікте және Комитетте Құжаттамалық айналымның тиімді жүргізілуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін де сақтауға міндетті. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. «Электрондық үкімет» жобаларын сүйемелдеу және Министрлік жабдығына жүйелік-техникалық қызмет көрсету. Резервтік сервер орталығын құру. Мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан виртуалды серверлерде есептеу қуаттарының хостингі қызметтерін ұсыну. «Ашық үкіметті» қалыптастыру бойынша жұмыстарға қатысу. «Үкіметтің мобильді кеңсесі», «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйелерін сүйемелдеуді жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде «Мекенжай тіркелімі» АЖ-ны іске қосу бойынша бақылауды жүзеге асыру. Жетекшілік ететін жобалар шеңберінде сатып алынған ЕАҰ және жабдықтарды қабылдауға құжаттарды дайындау.Осы Нұсқаулықта, Министрлік туралы ережеде, Комитет туралы ережеде бекітілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында бекітілген функцияларды жүзеге асыру. Құпия ақпараттың және Комитет қызметі туралы мәліметтердің тиісті режимін сақтау және орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау. Басқарманың құзыреті шеңберінде бюджеттік өтінімді, мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру бойынша жұмыстарды орындау. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды орындау. Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыстарды орындау. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру қажеттігі туралы Әкімшілік-қаржылық жұмысты Басқармаға уақтылы ұсынуға және хабарлауға қатысу. Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты орындау және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді. Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарау, әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды орындау. Комитет ережесіне сәйкес Басқарма құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.01.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.01.2024 – 16.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156