Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті Геоақпараттық инфрақұрылым басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УГИ-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • Кадастр

Қосымша талаптар

аэрофотогеодезия

Функционалды міндеттер

Басқарма басшысының, Комитет басшылығының тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау; «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын, Министрліктің Даму жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, Комитетке тікелей қатысы бар индикаторлардың міндеттеріне қол жеткізу; «ҰКДИ» инвестициялық жобасы бойынша жұмыстарды орындау бойынша шарттың, тапсырманың, техникалық ерекшеліктің және басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу және ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыруға қатысу; Кеңістіктік деректер инфрақұрылымын дамыту, спутниктік геодезиялық желіні құру және координаттардың геоцентрлік жүйесін белгілеу мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдік геодезия және картография қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау; Жұмыстарды орындау бөлігінде жоспарлы кезеңге арналған «ҰКДИ» БИЖ бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыру; «ҰКДИ» БИЖ іске асыруға қатысу; «ҰКДИ» БИЖ шеңберінде орындалатын геодезиялық және картографиялық жұмыстардың технологиясы мен сапасына бақылау жүргізуді ұйымдастыру; «ҰКДИ» БИЖ шеңберінде сатып алынатын жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етудің технологиясы мен сапасына бақылау жүргізуге қатысу; Геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық, техникалық актілердің жобаларын әзірлеу; Көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу; Комитет құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық және жасалған халықаралық шарттар мәселелері бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; Комитет құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық және өзге де халықаралық актілердің жобаларын әзірлеу; Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің мүдделерін ескере отырып, геодезиялық, картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының деректері мен материалдарын есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 10.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.01.2024 – 19.01.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156