Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Электрондық үкіметтің» сыртқы контур жобалары басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УПВК«П-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Egov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қызметтер көрсетуді Android Және iOS операциялық жүйелерінде жиынтық түрде қамтамасыз ету. Egov Mobile қосымшасын Android Және iOS операциялық жүйелерінде жинақтап жүктеп алуды қамтамасыз ету. Цифрлық құжаттар сервисінде көрсетілетін қызметтерді ұлғайтуды қамтамасыз ету. «Электрондық үкімет» веб-порталы және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтердің тізбесін әзірлеу; Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Министрлікте/Комитетте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау. Департаменттің және Министрліктің жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түсетін кіріс хат-хабарларды, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, министрдің, Комитет төрағасының Блог-платформасына келіп түсетін мәселелерді уақтылы қарауды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік, Комитет басшылығының және басқарма басшысының тапсырмалары бойынша Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша материалдар мен қорытындылар дайындайды, сондай-ақ олардың тиісінше орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру үшін конкурстық және өзге де құжаттаманы уақтылы қалыптастыру. Басқарманың құзыреті шегінде Комитетпен жасалған шарттардың орындалуын бақылауды және тексеруді жүзеге асырады, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар және жеткізілген тауарлар туралы актілерді келіседі. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысуға құқылы. Басқарма құзыретіне жататын ақпараттық жүйелердің жұмыс қабілеттілігін дамыту және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды және олардың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын бақылау. Басқарманың ережесінде белгіленген функцияларға сәйкес құзыреті бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмысты орындайды. Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты орындайды. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сотқа талап-арыз беру қажеттігі туралы Әкімшілік-қаржылық жұмысты Басқармаға уақтылы ұсынуға және хабарлауға қатысады. Басқарма құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындайды және анықталған жағдайда оларды сәйкестікке келтіреді. Министрліктің басшылығына құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қарау, әзірлеу және бекітуге енгізу бойынша жұмысты орындайды. Құрылымдық бөлімше туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156