Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру саясаты басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УПСГУ-4
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Информатика
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Автоматтандыру және басқару
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Қосымша талаптар
мемлекеттік саясат
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; Электрондық нысанда және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру; Орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу; Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Министрлік және Комитет басшылығының тапсырмаларын орындайды; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің еңбек тәртібін және Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтауға міндетті; Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау; Министрліктің жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді; Заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде Басқарма құзыреті шеңберінде Министр мен комитет төрағасының блогтарына келіп түскен өтініштерді уақтылы қарау; Мәселелер мен өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің сипатын дұрыс толтыруды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындауды, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша хаттарды, ұсыныстарды, өтініштерді қарауды жүзеге асырады; Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу; Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы дамыту шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын жинауды және талдауды жүзеге асыру; Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және оларды көрсету процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының деңгейін арттыру үшін кемшіліктерді анықтау және ұсыныстар жинау мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына (көрсетілетін қызметті алушылардың пікірлеріне) мониторингті жүзеге асыру; Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру үшін әлемдік тәжірибені зерделеу, талдау және оларды қолдану мен енгізу бойынша ұсыныстар енгізу; Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтерді көрсетумен, заңнаманы түсіндірумен байланысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; Министрліктің алқаларына, аппараттық кеңестеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына ақпарат дайындауды жүзеге асырады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық материалдарды, баяндамаларды, есептерді, басқа да құжаттарды дайындауға қатысу; Бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер мен басқа да ісшараларды өткізуге және ұйымдастыруға қатысу, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға сұрау салуларды қарау және консультация беру; Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау; Басқарманың ережесінде белгіленген функцияларға сәйкес құзыреті бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды орындау; Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмысты орындау; Комитеттің ережесіне сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156