Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жобалық басқару саясаты департаменті Жобалық басқару әдіснамасы және оны дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 20 тамызға дейін) № 23-2-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Саясаттану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу бойынша жұмысқа қатысады; мемлекеттік органдарды жобалық басқарудың үлгі регламентін әзірлеу; мемлекеттік басқару жүйесінде жобалық басқаруды дамыту жөнінде әдіснамалық ұсынымдар әзірлеу; жобаларды, бағдарламалар мен портфельдерді басқару жөніндегі стандарттарды әзірлеуге қатысу; жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін әзірлеуге және дамытуға қатысу; Мемлекеттік органдардың жобалау персоналын басқару жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік органдардың жобалық кемелденуін бағалау әдістемесін әзірлеу; жыл сайынғы «Qazaqstan Project Management Awards» конкурсын өткізуді қамтамасыз ету; кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу; мемлекеттік басқару жүйесінде және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жобалық басқарудың әдіснамасы мен нормативтік құқықтық негізін әзірлеу және жетілдіру; елде оны одан әрі енгізу мақсатында жобалық басқару саласындағы әлемдік озық тәжірибені зерделеу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156