Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжат айналымы басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УД-6
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
180517
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану
Функционалды міндеттер
Министрліктерден, ведомстволардан және басқа да ұйымдардан келіп түсетін, оның ішінде «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар хат-хабарларды қабылдауды жүзеге асыру, кіріс және шығыс хатхабарларын тіркеу. Министрлік басшылығының, оның ішінде Телекоммуникациялар комитетін қоспағанда, комитеттердің бұйрықтарын, кеңес хаттамаларын тіркеу. Министрліктің атына Мемлекеттік органдардың интранетпорталы (бұдан әрі – МОИП) арқылы келіп түскен нормативтік құқықтық актілер жобаларын тіркеуді жүзеге асыру. Шығыс хат-хабарларды таратуды және Министрліктің ведомстволарының, құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің, оның ішінде Телекоммуникациялар комитетін қоспағанда, комитеттердің кіріс хат-хабарларын мерзімінде алуларына бақылауды қамтамасыз ету. Министрліктің, оның ішінде Телекоммуникациялар комитетін қоспағанда комитеттердің жиынтық Істер номенклатурасын әзірлеуді, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен келісуді және бекітуді қамтамасыз ету. Министрліктің құжат айналымының жай-күйін ай сайын мониторингілеуді және талдауды жүзеге асыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына құжат айналымы мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құжат айналымы бойынша қажеті ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жартыжылдық, жылдық есептер дайындау және тапсыру. Министрлік қызметкерлерінің құжаттарды, белгіленген тәртіппен ведомстволық архивке тапсырғанға дейін, оның ішінде «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды жедел сақтауын және пайдалануын бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісуді, әзірлеуді жүзеге асыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті материалдар мен ақпараттар дайындау. Өзіне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Министрлік басшылығының немесе құқық қорғау органдарының назарына шұғыл түрде жеткізу. Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау; Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтауға және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындауға; Басқарманың міндеттері мен функцияларын іске асыру бойынша өзге де міндеттемелерді жүзеге асырады. Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156