Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қаржы және әкімшілік жұмысы департаменті Мемлекеттік сатып алу және шарттардың орындалуын мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № 10-4-3

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және басқа да ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, отырыстарға, кеңестерге қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелері бойынша, құрылымдық бөлімшелерге практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеумен карауға және ол бойынша қорытындыларды дайындауға қатысады. Департамент пен Министрліктің басшылығы үшін материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады. Министрлiктің регламентін және Министрліктегі құжаттау және құжаттамаларды басқару регламентін сақтайды. Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша конкурстық құжаттамалар мен конкурстық комиссияларды бекіту бойынша бұйрықтардың жобаларын, шешімдер жобаларын әзірлейді. Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталған конкурстық құжаттаманы ұсынылған жобаларының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 9-баптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Баға ұсыныстарды сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды, ашық конкурсты, аукционды және мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған Министрлік жетекшілік ететін салалардың бір көзінен сатып алуды жүзеге асырады. Басшылықтың бұйрықтарын,өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындайды. Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша шарттардың жобаларын дайындайды. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік заңнама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау. Мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық, мақсаттар мен міндеттері іске асыруға бағытталған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына мониторингі жүзеге асырады. Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.12.2023 – 20.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156