Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Киберқауіпсіздікті дамыту басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № УРКИАР-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нәтижелердің көрсеткіштеріне, нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс жүргізуге; Заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша қатысуға; Басқарма құзыреті шеңберінде қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша қатысуға; Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруге; Басқарманың құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу бойынша қатысуға; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі бойынша жұмысты жүзеге асыруға; Басқарманың құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмысқа қатысуға; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, Басқарма мен Комитетте орындалатын Министрлік басшылығының тапсырмаларын уақтылы орындау жөніндегі жұмысқа қатысуға; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға; Басқарманың құзыреті шегінде Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселесі бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындау бойынша қатысуға; Министрдің аппараттық кеңестеріне және аппарат басшысының кеңестеріне атқарушылық тәртіп бойынша апта сайынғы жиынтық есептерді ұсыну жөніндегі жұмысқа қатысуға; Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселелері бойынша халықаралық конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысуға; Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту жөніндегі жұмысты жүргізуге; Басқарма құзыреті шеңберінде ЕЭК мәселелерін қарау жөніндегі жұмысқа қатысуға; Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері бойынша тікелей қатысуға; Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде Қазақстанның рейтингін арттыру жөніндегі жұмысқа қатысу; Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуге қатысуға; Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуге қатысуға»; Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына беру қағидаларын әзірлеуге қатысуға құқылы»; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу; Басқарманың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау үшін материалдарды (прессрелиздерді) дайындау кезінде ұйымдастыру; Басқарма құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) мәселелері бойынша жұмыс топтарын қалыптастыру бойынша бақылау; Ақпараттық қауіпсіздікті (киберқауіпсіздікті) қамтамасыз ету саласында ұлттық стандарттар мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты үйлестіру; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
konkurs@mdai.gov.kz