Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Заң департаменті Сараптама басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № 09-3-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Қосымша талаптар

Cертификаттың бар болуы: Негізгі қызмет бағдары бойынша курстарда кезеңді қайта даярлаудан өткені туралы сертификатының болғаны жөн

Функционалды міндеттер

Министрлікпен әзірленетін нормативтік құқықтық актілер, сондай-ак халықаралық келісімшарттар мен келісімдер жобаларын әзірлеу және оларға сараптама жүргізу, соның ішінде Министрліктің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен әзірленген жағдайда оларды келісу арқылы әзірлеу; Министрлікке басқа мемлекеттік органдардан келісу үшін келіп түсетін нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жүргізу; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жүргізу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.11.2023 – 08.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156