Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті «Электрондық үкіметтің» сыртқы контур жобалары басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № УПВК«П-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Информатика
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

"Электрондық үкіметтің "Веб-порталы" ақпараттық жүйелерін дамыту және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және олардың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара ісқимылын үйлестіру; Көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын әзірлеу; Комитеттің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мемлекеттік сатып алу жоспарларын және тиісті бюджеттік бағдарламаны, Министрліктің стратегиялық жоспары мен бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ Басқарма құзыреті шегінде олардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу жоспарының тармақтарын уақытылы және сапалы орындауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде Басқарма құзыреті шеңберінде қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу және Мемлекеттік сатып алу порталында дауыс беру. Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және ұйымдардан кіріс хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Министрдің блогтұғырнамасына келіп түсетін сұрақтарды уақтылы қарастыруды және оларды орындауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Министрлік және Басқарма басшысының тапсырмалары бойынша материалдарды және қорытындыларды Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша дайындау, сондай-ақ олардың тиісті орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ісшаралар жоспарын орындау бойынша жиынтық ақпарат жасауды қамтамасыз етеді; Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мәселелері бойынша жұмыс топтарына, кеңестерге қатысады. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы», олардың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша Басқарманың жұмысын үйлестіру. Әзірлеушісі Басқарма болған нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын актілерге құқықтық мониторинг өткізуін қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілердің сәйкес болмауы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу, не болмаса олардың күші жойылды деп тану бойынша шаралар қабылдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.11.2023 – 23.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156