Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновацияларды дамыту департаменті Инновацияларды қолдау құралдары басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № 12-3-4

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Наноматериалдар және нанотехнологиялар (сала бойынша)
  • Инновациялық менеджмент
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар

Функционалды міндеттер

Елдің инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру. Отандық ғылым мен технологиялардың жетістіктерін пайдалану және оларды инновациялар, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық прогресс мүддесінде насихаттау жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен талдамалық зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға қатысу. Басқарма құзыреті шегінде ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыреті шегінде инновациялық және ғылыми-техникалық даму саласындағы нормативтік құқықтық актілерді дайындау және келісу. Министрліктің мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларын іске асыру. Белгіленген тәртіппен ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарын, оның ішінде ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі конкурстарды өткізуді жүзеге асыру. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын орындалатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді қабылдау. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларының мониторингін жүзеге асыру. Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық құжаттардағы индикаторлардың жұмысын үйлестіру және қол жеткізу мониторингі.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.11.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.11.2023 – 15.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156